"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" комунальдық мемекеттік мекемесі
Государственное коммунальное учреждение  "Общеобразовательная школа села Бектау отдела образования по Шортандинскому району  управлении образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтердің аттестаттаудан өтуі үшін құжаттарды қабылдау

26.03.2026

1-параграф. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      13. Аттестаттау үшін құжаттарды беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) сәйкес жүзеге асырылады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде педагог аттестаттаудан өту үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      14. Мемлекеттік қызметті білім беру ұйымдары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      15. Мемлекеттік қызмет:

      Платформа арқылы - "педагог-модератор", "педагог-сарапшы" біліктілік санатына;

      электрондық үкіметтің веб - порталы (бұдан әрі – портал) арқылы - "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер", "үшінші санаттағы басшы", "екінші санаттағы басшы", "бірінші санаттағы басшы", "үшінші санаттағы басшы орынбасары", "екінші санаттағы басшы орынбасары", "бірінші санаттағы басшы орынбасары" біліктілік санатына көрсетіледі.

      16. Құжаттарды тапсырған кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттаудан өтуге өтінішті қабылдау туралы хабарлама немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама келіп түседі.

      Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарау жоғары тұрған әкімшілік органмен, лауазымды тұлғамен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүзеге асырылады.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шағымданған лауазымды тұлғаның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым түскен көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқа тәртіп көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

Просмотров: 25


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст