Текст
22.04.2026
Бүгін мектебімізде «Буллингтен қорған: өзіңді және өзгені сыйла» сынып сағаты өтті. Оқушылармен маңызды тақырыптар талқыланды:
🔹 Буллинг деген не және оның қандай түрлері болады?
🔹 Психологиялық қысымға қалай төтеп беруге болады?
🔹 «Құрбан — Агрессор — Куәгер» үшбұрышынан қалай шығу керек?
Оқушылар «Сынған айна» тренингі арқылы әрбір ауыр сөздің адам жанына қаншалықты жара салатынын сезінді. Біздің мақсатымыз — әр бала өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінетін мектеп ортасын қалыптастыру.
