Текст
24.04.2026
📚 Кәсіптік бағдар беру жұмысы
Бүгін мектебімізде оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында кәсіптік бағдар беру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға түрлі мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, колледждерге түсу жолдары, оқу мерзімі мен мүмкіндіктері түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың болашаққа сенімді қадам жасауына, өз қабілетін дұрыс бағытта дамытуына үлкен септігін тигізеді.
✨ Болашақ – бүгінгі таңдаудан басталады!