Бүгін мектебімізде “Бала өмірінің қауіпсіздігі мен тәрбиесі” тақырыбында жалпы мектепішілік ата - ана жиналысы өткізілді. Бала – әр отбасының бақыты, болашағы. Сондықтан олардың қауіпсіздігіне, тәрбиесіне, білім алуына бірлесе жауапкершілікпен қарауымыз қажет.
Күн тәртібінде , IV тоқсан қорытындысы таныстырылып, оқушылардың оқу жетістіктері мен тәртібі сараланды.
Сонымен қатар оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру туралы айтылды. Жаз мезгілінде балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне, спортпен айналысуына, кітап оқуына, түрлі үйірмелерге қатысуына көңіл бөлу ұсынылды.
Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік техникасы. Оқушыларға судағы, жолдағы, өрт қауіпсіздігі, интернет қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және олардың қауіпсіздігіне үнемі назар аудару ескертілді.
Қорытындылай келе, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі – мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті екені айтылды. Бірлесе жұмыс жасаған жағдайда ғана саналы, тәрбиелі, қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз.