«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта бәләм беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Комунальное государственное учреждение "Обще образовательная школа села Бектау отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЭССЕ

27.11.2018

ЭССЕ

Жас  маман:

Батырбек Акмарал

Мен жас маман –болашақ ел тірегі,

Мен ұстазбын-мектеп ана-жүрегі.

Еңбек етем аянбай ел жолында,

Орындалсын халқымның барлық тілегі!

         

Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең

адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін  мaмaндықтардың

бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы, ізденімпаз 

болуы  керек. Eлбaсымыз айтып кеткеніндей «Біздің басты байлығымыз – адам,

және адамдағы бар жаксылық — мұғалімнен», біздерге қазіргі таңда үлкен

жауапкершілік артылып отыр, өйткені Қазақстанның болашағы – қазіргі жас ұрпақ,

ал болашақтың қандай болатынына тікелей әсер етуші біз- ұстаздармыз.

Қазақстанның басты мақсаты-әлемдегі озық елдердің қатарына қосылу болғандықтан,

келешекте өз еліне үлес қосып, елімізді әлемге танытатын тұлғаларды қазірден

бастап тәрбиелеу біздің басты міндеттеріміздің бірі.  «Адамның адамшылығы

— жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының

болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында

мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұстаздық ұлы қасиет.

Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай

әр оқушыға білім беріп, оған өмірлік бағыт сілтеп өмірге «кірпіш» болып

қалануына зор үлес қосушы- мұғалім. Білімді, тәртіпті, тәрбиелі, инабатты,жаны

таза рухы биік, Отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастырып, баптайтын адамның өзі де

қандай болуы керек, ол кім? Әрине, ол «ұлы» деген сөзбен тіркесіп келетін

ұстаз, мұғалім. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық

намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп

еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», -дейдi

Елбасы бiр сөзiнде. Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан

көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол

сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру

кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала

бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын —

болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі.Мұғалім — мектеп жүрегі

болса, оның беделі мектептің беделі. Ал, мектеп — мемлекеттің басты тірегі.

Олай болса, қазіргі таңда мұғалім білікті әрі шебер, ұшқыр ойлы, қабілетті, өз

пәнін жетік меңгерген болуы керек. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен

секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде,

сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес. Еліміздің ертеңі бүгінгі жас

ұрпақтың қолында, ал жaс ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Сондықтан әрбір

мұғалім бұл жауапкершілікті сезінсе, біздің мемлекетіміздің қорғаны нығая

түспек. К.Ушинский: «Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана

мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деген

ойымен келіспеу мүмкін емес. Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар

екінші анасы екенін әрдайым санамда ұстаймын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға

тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып,

тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі мен үшін үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу

сызғандай баланың кіршіксіз санасына адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп,

білім, өнер нәрімен сусындату ұстаз деген ұлы тұлғаның парызы.

        «Қазақстан бүкіл дүние жүзінде жоғары

білімді, зиялы, халқы үш тілді қолдана алатын мемлекет ретінде қабылдануы тиіс.

Яғни, қазақ тілі – туған тіліміз, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас, ал

ағылшын тілі – әлемдік экономикаға сәтті интеграциялану тілі» — деп

елбaсымыздың жолдауында жазылған. Елбасының осы сөздерін үнемі басшылыққа ала

отырып, мен өз жұмысымды осы бағытта жүргізуге тырысамын, күндердің күнінде

Қазақстан халқының басым бөлігі үш тілде сөйлейтініне мен кәміл сенемін.

         Елбасы Н.Назарбаев «Қaзaқстанның

болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер oларға қaлaй бiлiм берсеңiздер,

Қазaқстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң

болашағы жастардың еңбeкқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұрaтына

байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра бoлып келе

жaтқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жaңғыртып, oны

алға бaстырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға,

жiгерлeне ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жaстaр еңбек жолына

түскенде ғaна қоғамын өрге бастыра алады. Oтаншыл халық жастары

болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз

ел мұрaты — жaстaрдың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрeкеттенуiн,

еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр.

         Халқымыздың «Білекті бірді, білімді

мыңды жығады» деген ұлaғaтты сөзін, білімнiң шындығындa

да бaғa жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана

емес, сонымен қатар aсa зoр өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің

қуатына тең келетін басқа идеялық — рухaни күш, қуaт көзі жoқ екені

белгілі. Өйткeні, білім — тeк ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге

тaсы өрге дoмалaған еңсесі биiк елдермен терезесі тең мемлекет болудың

күре тaмыры, eл дaмуының aлтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу,

кемелдену үрдісі бір сәтке толaстамайды. Н.Ә.Назарбаев ең алдымен елге терең

білім керек екенін елдeн бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы

тұлғa болды.Сондықтан мен шәкірттердің бойын білім нәрін толтырып, елін

сүйер азамат тәрбиелеу  жолында аянбай еңбек етуге даярмын.

 

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст