Бүгін, ақпан айының 8-ші жұлдызында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай мектебіміздің 7 "А" сыныбында "Тіл-ұлтаралық қатынас құралы" атты тақырыпта танымдық сайыс сабағы өткізілді.
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен тілге қатысты тағылымды ойлары туралы оқушыларға танымдық ақпарат беру және үштілділікті (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) дәріптеу мақсатында топтық жұмыс жасау арқылы тақырыпқа байланысты түсініктерін қалыптастыру және шыңдау.
Оқушылар жеребе тарту арқылы екі топқа бөлініп жұмыс жасады. "Тапқырлар" & "Білгірлер" тобы төрт кезеңнен тұратын тапсырмаларды дұрыс орындап, белсенділік танытты. Ең алдымен әр топ өздерін таныстырғаннан кейін сұрақтарға ауызша жауап беріп, әрқайсысы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді таныстыру мақсатында жазбаша топтастыру тапсырмасын орындады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі "Тіл" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді жылдам әрі дұрыс айтып жалғастырып, екі топ та озық болуға тырысты.
Жалпы үш тілде өткізілген қызықты сайыс-сабақ өз мақсатына жетті. Сайыстың қорытынды нәтижесі бойынша "Білгірлер" тобы жеңімпаз атанды.
Өткізген тіл мамандары: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ербол Айнұр және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Болатхан Кеншилик.