«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта бәләм беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Комунальное государственное учреждение "Обще образовательная школа села Бектау отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бақытты отбасы

15.05.2019

 

«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»

                                                                                        А.С.Макаренко

 

Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе біліңдер.

 

Әйел күндіз — күн, түнде — шырақ, онсыз отбасы жүзге бөлінеді

 

Тақырыбы: “Бақытты отбасы ” сайысы

Тренинг мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Сабақтың түрі: тренинг

 Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, жұмсақ ойыншық,  газет, доп.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ойын-жарыс

Тренинг бағдарламасы:

1. «Адам,үй, жер сілкінісі» ойыны

2.  «Көп сайыс» ойыны

3. «Мені тап» ойыны

3. «Кім епті» ойыны

4. « Кім тапқыр » ойыны

5. «Кім ақылды» ойыны

 6. «Сурет салу». Ойыны

7. «Кім күшті » арқан тарту ойыны

Отбасы дегеніміз не?
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата -ананың ең маңызды міндеті.

Бастауыш сыныптар арасында "Менің бақытты отбасым " атты отбасылық сайыс өтті

Просмотров: 281


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст