«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта бәләм беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Комунальное государственное учреждение "Обще образовательная школа села Бектау отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ағылшын пән мұғалімі Ербол А мастер класы

22.11.2022

Қараша айының он сегізі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ербол Айнұр 8 "А" сынып оқушыларымен "Classroom games for teaching English" тақырыбында мастер-класс өткізді. 
Мастер-класстың мақсаты: ағылшын тілін ойындар арқылы үйретуге баулу және оқушыларға listening, speaking, reading, writing дағдыларын әртүрлі тапсырмалар жасату арқылы қалыптастыру, "Wordwall" платформасын қолдану арқылы сөздік қорларын кеңейту. 
Мастер-класста оқушылармен топтық, жұптық, жеке жұмыстар жасалды. Оқушылар шеңбер құрып, допты кезекпен ұстау арқылы мұғалімнің қойған ағылшын тіліндегі сұрақтарына ауызша жауап берді. Топқа бөлу әдісіне "Cast Lots Online" сервисін қолдандық, осылайша оқушылар екі топқа бөлінді.
The 1st game:  "Yes or No". Оқушылар сұрақтар жазылған қағаздарды таңдап алып, бір-бірлеріне сұрақ қойып, жауап алды. 
The 2nd game: "The number game". Мұғалім айтқан әртүрлі сандарды оқушылар тыңдап, қолдарына тиісті сандарды алып, орын бойынша ретімен орналасып тұру арқылы сандарды дұрыс көрсетті. 
The 3rd game: "Two truths and a lie". 
Оқушылар берілген текстті тізбектеп оқу әдісі бойынша оқып, текст бойынша көрсетілген сөйлемнен екі шын, бір өтірік сөйлемді  дұрыс тапты. 
The 4th game: " Word and Picture". Берілген суреттер мен сөздерді бір-біріне сәйкестендіру арқылы оқушылар жазылым тапсырмасын сәтті орындап шықты. 
Сонымен қатар сергіту сәтіне "Puzzle" әдісін қолдана отырып оқушылар сурет қиындыларынан екі түрлі торт бейнесін құрастырып шығарды. 
"Wordwall" платформасын қалай қолдану керек екендігі туралы оқушыларға ақпарат беріліп, ағылшын тіліндегі сөздік қорларын дамыту мақсатында ұялы телефонның көмегімен оқушылар мұғалімнің дайындаған арнайы тапсырмасына QR-код арқылы кіріп, тапсырманы жасады. 
Оқушылардың барлығы мастер-классқа өте белсене қатысып, алғырлық танытты.

 

        

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст