«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта бәләм беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Комунальное государственное учреждение "Обще образовательная школа села Бектау отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу жоспары

03.02.2020

«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік декаданың ашылуы.

Мақсаты:

- Махаббат пен шығармашылық аясында  оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.

- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;

Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Көрнекіліктері: нақыл сөздер, «Өзіңді тану-өмірді тану» стенд, слайд, шарлар, С.Назарбаева туралы бұрыш.

 

І жүргізуші:

Өзіңді тану – ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді - өзің талқыға салып,

Адал менен арамды тану.

ІІ жүргізуші:

Қателігіңді түсіне білу,

Дұрыс жүріп, күтіне білу.

Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,

Күлетін жерде жөнімен күлу.

І жүргізуші:

Сабақты оқып, тәртіпті болу,

Білімді жинап, дүниені шолу.

Өзіңді өзің тану дегенің,

Өз бойындағы мініңді жою.

ІІ жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік декаданың ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

 

І жүргізуші:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден,-деп бүгінгі «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік декаданың ашылуы көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілейік.

 

 

ІІ жүргізуші:

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Бүгін – «Бөбек» қорының негізін қалаушы, Сара Алпысқызының туған күні. «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.

І жүргізуші:

«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға, ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген  қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін тигізіп отыр.

1- оқушы:

Алғыс айтам, менің Сара апама

Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.

Бал-бөбектер анасы, данасы,

Жүректерге махабатпен нұр төккен.

2- оқушы:

Жақсы адам боп өссін деп,

Шығарған өзің тануды.

Сара апама мың алғыс,

Жолдаймыз салем жалынды.

Үмітіңді ақтаймыз,

Үйреніп өнер, білімді.

Ар-ұятты да сақтаймыз,

Жолатпай жаман қылықты.

3-оқушы:

Оқушының білімін де сынайды.

Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,

Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.

Оқушылар өзін-өзі таниды,

Бойымызға тек ізгілік дариды.

4-оқушы:

Өмірге қызыға қарайсың,

Бәрін де бақытты санайсың.

Бұл пәнді үйренсең ерінбей,

Бойыңнан керемет байқайсың.

5-оқушы:

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

 

ІI жүргізуші:

Өмір деген – қымбат екен достарым,

Өмір –менің жарқылдайтын аспаным.

Өмір – менің сарқылмайтын дастаным,

Мен –өмірде жас зерттеуші, жас ғалым, -дей отырып, енді ағаларымыздың көрінісіне кезек берейік, «Өмір» туралы

4 сынып оқушылары шығады

 

І жүргізуші

Сара Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс»-дейді.

ІI жүргізуші

Құрметті біздің екінші ана-әкелеріміз сіздерге денсаулық, бақыт, әрбір атқан таңдарыңыз тек қуанышқа толы болсын, біз сияқты балаларыңыздың жемісін көріп жүре беріңіздер.

І жүргізуші

Ал, аға-әпкелерімізге тілеріміз оқуда озат, тәртіпті, ортасында сыйлы, әдепті болсын деп тілейміз.

ІІ жүргізуші

Осымен бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Немересі:

Ата, адамдар неліктен жасы ұлғайғанда ғана өмірді түсіне бастайды?

Атасы:

Өмірді түсіну адамның жасына байланысты емес, балам. Адам бала күнінен

бастап, өмрдің сан алуан құпияларын тануға құштар болса, өзінің жан дүниесіне үңіле білсе, дұрыс шешімдерді қабылдауға үйренсе, өмірді түсініп тани біледі.

Немересі:

Иә, адам өзі дұрыс деп ойлаған шешімді қабылдайды. Бірақ ол өзінің қателескенін кейін білетін кездері болады.

Атасы:

Барлық адам қателеседі. Ал ақылды адам өз қатесін түсініп, қорытынды жасайды. Әңгіме қателік жасауда емес, одан сабақ алып, уақытында түзей білуде.

Немересі:

Меніңше өмірде бәрі жақсы болса, ешнарсеге қиналмауға болады. Кейде адам қиын жағдайға тап болып, қандай шешім қабылдау қажет екенін білмей дал болады. Неге?

Атасы:

Өмірдің ащысы да, тұщысы да болады. Адамның мықтылығы кез-келген қиындықты мойымай көтеріп, жеңе білуінде.

Немересі:

Өмірді танудың және жақсы өмір сүрудің қандай жолы бар?

Атасы:

Өмір сүрудің түрлі жолы бар, тек таңдау жасау өз қолыңда.

Оны таңдау үшін өзіңді, өзгені, өмірді таны. Жақсы мен жаманды анықтап бағасын бер. Өзіңе, өмірге, болашағыңа сенімді бол. Сөзіңе ісің сай болсын!

 

ІІ жүргізуші

Сара Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс»-дейді.

І жүргізуші

Құрметті біздің екінші ана-әкелеріміз сіздерге денсаулық, бақыт, әрбір атқан таңдарыңыз тек қуанышқа толы болсын, біз сияқты балаларыңыздың жемісін көріп жүре беріңіздер.

І жүргізуші

Ал, аға-әпкелерімізге тілеріміз оқуда озат, тәртіпті, ортасында сыйлы, әдепті болсын деп тілейміз.

ІІ жүргізуші

Осымен бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

 

 

 

Просмотров: 251


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст