21.05.2020
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» «Мал шаруашылығы» (Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы) мамандығы бойынша мамандар дайындайды. «Мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясы» мамандығының бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары ЖОО білім беру бағдарламалары араснды 2019 жылғы НААР рейтингі бойынша 1-ші, 2020 жылғы 2-ші, бакалаврит бағдарламасы «Атамекен» ҒӨБ рейтингі бойынша 3-ші орынды иеленді.
Магистратураның «Азықтар және мал азықтанды- ру», «Селекция және мал басын көбейту» білім беру бағдарламалары дүниежүзі ауылшаруашылық университ- еттері арасында 10-шы, ал Еуропада 2-ші орын алатын Institut des scienc esetindustries duvivant etdel'en vironnement (AgroParisTech) университетімен бірге оқып, қос дипломды білім алуға мүмкіндік береді.
«Мал шаруашылығы» мамандарын дайындаудың барлық үш сатыдағы білім беру бағдарламалары жұмыс берушілер және шет елдік озық University of California (Davis, USA), AgroParisTech (France) ЖОО бірге жасалған. Академиялық ұтқырлық бойынша студенттерді отандық және шет елдік ЖОО алмасу жүзеге асырылады. Мұның бәрі біздің студенттерге жұмыс берушілер талап ететін инновациялық трендті білім алуларына мүмкіндік береді.
Бакалавр академиялық дәрежесін алғаннан кейін білім алушылар оқуын магистратурада жалғастырып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге, оқытушылық пен ғылыми қызметпен айналысуға және «Жануарлар жөнінідегі ғылым» ББ бойынша докторантурада оқып, философия докторы (Phd) дәрежесіне диссертация қорғай алады.
Оқуын аяқтаған 90% үстіндегі бітірушілер мамандығы бойынша білім беру мен ғылым, мемлекеттік қызмет пен кәсіпкерліктің көптеген салаларында жұмыс істеуде. Олардың кәсіптік қызметтері әр түрлі меншіктегі ауылшаруашылық кәсіпорындары; ет-сүт өңдеу кәсіпорындары; құсфабрикалары; өнім сапасын сараптап бағалау зертханалары; ғылыми-зерттеу институттары; селекциялық-асылдандыру орталықтары мен асыл тұқымды мал шаруашылықтары; аудандық және облстық аулшаруашылық басқармалары ж. б. орын алады.
Біздің университеттің Ветеринарии және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің «Мал шаруашылығы» мамандығының бакалавриат, магистратура, докторантурасында 3 сатылы білім алуға ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!!!
Контакттер: «Мал шаруашылығы өнімдірін өндіру және өідеу технологиясы» кафедрасынығ меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдырының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сәуле Қуанышпекұызы Бостанова, т. 8777-652-65-00; аға оқытушы, ауылшаруашылығы ғылымдырының кандидаты Салтанат Әйтімқызы Исабекова, т. 8701-818-19-55.