Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
1996 ж. 15 шiлдедегi № 29-I Қазақстан Республикасының
Заңы
(2007.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1 тарау Жалпы ережелер
(1 - 4 баптар)
2 тарау Жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (5
- 11 баптар)
саласындағы
мемлекеттiк басқару жүйесi
3 тарау Жол жүрiсiн
ұйымдастыру және оның қауiпсiздiгiн (12 - 25 баптар)
қамтамасыз
ету жөнiндегi негiзгi талаптар
4 тарау Қорытынды
ережелер
(26 - 28 баптар)
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн
белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1 тарау
Жалпы ережелер
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11
; 2006.10.01. № 116-III
(бұр.ред.қара)
(2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен мен 1-бап өзгертілді ;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен
1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара)
1-бап. Осы
Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда
мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
жол - мемлекеттік
есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік
құрылыс кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық
автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс
бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және бөлу
өңірлері болған жағдайда - соларды қамтиды;
жол жүрісі -
адамдар мен жүктің жолдармен көлік құралдарын пайдаланып не оларсыз
(жүргіншілер) жүрісі кезінде, сондай-ақ осы жүріс ережелерін реттеу процесінде
туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
жол жүрісі
қауіпсіздігі - жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрісіне
қатысушылар мен мемлекеттің қорғалу дәрежесін көрсететін жол жүрісінің
жай-күйі;
жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету - жол-көлік оқиғаларының туындауын болғызбауға,
олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;
жол жүрісіне
қатысушы - жүргізуші, жүргінші, көлік құралының жолаушысы, мал айдаушы ретінде
жүріс процесіне тікелей қатысатын адам;
жол жүрісін
реттеудің техникалық құралдары - жол белгілері, жол таңбалары,
бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса
алғанда), темір жол өткелдеріндегі реттегіш құрылғылар, сондай-ақ жол
қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;
жол жүрісін
ұйымдастыру - жолдардағы жүрісті басқару жөніндегі ұйымдық-техникалық шаралар
мен өкім жүргізетін іс-қимылдар кешені;
жол-көлік
оқиғасы - көлік құралдарының жол бойында жүрісі процесінде және оның қатысуымен
туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлік құралдары,
ғимараттар, жүк бүлінген не өзге де материалдық залал келтірген оқиға;
көлік құралы
- адамдарды, жүкті немесе үстіне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға
арналған қондырғы;
механикалық
көлік құралы - мопедтен басқа, двигатель арқылы жүретін көлік құралы. Бұл ұғым
тракторлар мен өздігінен жүретін машиналарға да қолданылады;
тіркеме -
двигательмен жабдықталмаған және механикалық көлік құралының құрамында жүруге
арналған көлік құралы. Бұл ұғым жартылай тіркемелер мен ұзартылмалы
тіркемелерге де қолданылады.
2-бап.
Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары
Қазақстан
Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан
Республикасының Конституциясына
негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнен тұрады.
2004.20.12.
№ 13-III ҚР Заңымен
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
3-бап. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
Жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
- жол
жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң
экономикалық нәтижелерiнен басымдығы;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы
азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң
сақталуы;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас.
4-бап. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
Жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттiк саясатты iске асыру құралы
болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы
қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы
органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне
қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының
зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
2 тарау
Жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы
мемлекеттiк басқару жүйесi
2004.20.12.
№ 13-III ҚР Заңымен
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.
ред .қара)
5-бап өзгертілді; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-бап
өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5-бап. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары
Жол жүрiсi
қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
- Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн
белгiлеу;
- жол-көлiк
оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың
қызметiн үйлестiру;
-
автомобиль, қалалық жер үстi электр көлiгiнде және жол шаруашылығында жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi реттеу;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық
актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекiту;
- жол
жүрiсiн ұйымдастыру;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды бағдарламалық-мақсатты
жоспарлау;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгi жөнiндегi шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы
жағынан қамтамасыз ету;
- көлiк
құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс
қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн
жүргiзу;
жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;
- көлiкте
сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк
актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттiк қадағалау мен
бақылау.
2004.20.12.
№ 13-III ҚР Заңымен
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр.
ред .қара)
6-бап өзгертілді
6-бап.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы өкiлеттiгi
Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң қарауына мыналар жатады:
- Қазақстан
Республикасы аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында
бiрыңғай мемлекеттiк саясат әзiрлеу және жүргiзу;
- техникалық
регламенттерді бекіту;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеу және
оларды қаржымен қамтамасыз ету;
- орталық
және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық ету, олардың Заңдарды, Қазақстан
Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауына бақылау жасау;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органды белгiлеу және ол туралы Ереженi бекiту;
- жол-көлiк
оқиғасында зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау жүйесi мен ережелерiн,
меншiк нысандарына қарамастан, олардың денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген
зиянды өтеу, сақтандыру, медициналық қызмет көрсету және өтемақы алу тәртiбiн
белгiлеу;
- ережелердiң,
стандарттар мен басқа да нормативтiк актiлердiң бiрыңғай жүйесiн белгiлеу;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыру.
2004.20.12. № 13-III (бұр. ред. қара);
2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара)
(2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2006.29.12. № 209-III (бұр. ред .қара);
2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР
Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Жол
жүрiсi қауiпсiздігі жөнiндегi орталық атқарушы органның өкiлеттiктерi
Жол жүрiсi
қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның өкiлеттiктерiне мыналар
жатады:
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру;
- көлiк
құралдарын жүргiзушiлердi даярлау тәртiбiн белгiлеу;
- алдын алу
шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен
талаптарын оқытып үйрету тәртiбiн белгiлеу;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк маңызы бар ғылыми зерттеулер
мен ғылыми-техникалық талдамаларды ұйымдастыру;
жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге
асыру;
көлік
құралдарын жүргізушілерді даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті
лицензиялау;
- Қазақстан
Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық
шарттарын жасасуға қатысу.
жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
автомобиль
жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электр көлігі
желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.
техникалық
регламенттерді әзірлеу.
ҚР
2006.10.01. № 116-III Заңымен 7-1
баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1-бап.
Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік
органның құзыреті
Автомобиль
жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне:
халықаралық
және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жол қызметін басқару;
халықаралық
және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің
техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау
жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді.
ҚР
2004.20.12. № 13-III
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара);
2006.10.01. № 116-III (бұр.ред.қара)
(2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Облыстық
(республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар
қалалар) өкілді және атқарушы органдардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз
ету саласындағы құзыреті
1. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы
бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді
органдардың қарауына мыналар жатады:
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң жоспарларын, аймақтық бағдарламаларын бекiту;
- облыстық
(республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар
қалалар) атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi
жөнiндегi есептерiн қарау.
2. Жол
жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы
бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы
органдардың қарауына мыналар жатады:
-
тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу және iске
асыру, олардың орындалуын үйлестiру және бақылау;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру
және бақылау;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн
ұйымдастыру және жүргiзу;
- облыстық
және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елді
мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта
жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын
қамтамасыз ету;
аудандардың
(қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi
мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн
реттеудiң техникалық құралдарын енгiзу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау,
күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөнiндегi
жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету
және бақылау;
- тиiстi
аумақ мүдделерiне орай жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде ғылыми
зерттеулер ұйымдастыру;
облыстық
және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елді
мекендердің көшелеріндегі жол қызметін басқару.
2005.15.04.
№ 45-III ҚР Заңымен 9-бап
өзгертілді (бұр. ред. қара)
9-бап.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2004.20.12.
№ 13-III ҚР Заңымен
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттiк жүйесi
1. Қазақстан
Республикасының аумағында апаттардың, жол-көлiк жарақаттарының көрсеткiштерiн,
көлiк құралдарының, жүргiзушiлер санын, жол жүрiсi саласындағы құқық
бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ, жол
жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң жай-күйiн
көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi
жүзеге асырылады.
2. Жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы есепке алудың, есепке алу мәлiметтерiн
пайдалану мен есеп беру деректерiн қалыптастырудың мемлекеттiк жүйесiн жүргiзу
тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3. Орталық
және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне кiретiн мәлiметтердi
белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.
2004.20.12.
№ 13-III ҚР Заңымен
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 11-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
11-бап. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламалары
1. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру
мақсатында жол-көлiк оқиғаларының, одан зардап шеккен азаматтардың санын
қысқартуға және осы оқиғалардан болатын материалдық залалды азайтуға
бағытталған жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық
бағдарламалары әзiрленедi.
2. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң салалық және аймақтық бағдарламалары
осындай бағдарламаларға қойылатын талаптарға сәйкес әзiрленедi, белгiленген
тәртiппен бекiтiледi және бюджет қаражаты мен бюджеттен тыс көздер есебiнен
қаржыландырылады.
3 тарау
Жол жүрiсiн
ұйымдастыру және оның
қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету
жөнiндегi
негiзгi талаптар
12-бап.
Қазақстан Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртiбi
1. Қазақстан
Республикасы аумағындағы жол жүрiсiнiң тәртiбi, жол жүрiсiне қатысушылардың
құқықтары мен мiндеттерi, жол жүрiсiн реттеудiң техникалық және басқа да
құралдарының мақсаты мен қолданылуы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн
Жол
жүрiсi ережелерiмен, Автомобиль жолдарын, жол
құрылыстарын пайдалану ережелерiмен және оларды
Қазақстан Республикасы аумағында қорғау тәртiбiмен белгiленедi.
2. Қазақстан
Республикасы аумағында көлiк құралдарының оң жақпен жүруi белгiленген.
13-бап.
Көлiк құралдарының пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыру кезiнде жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
1. Көлiк
құралдарын пайдалануға байланысты қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар:
- жол жүрiсi
процесiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн талаптарға сәйкес жүргiзушiлердiң
жұмысын ұйымдастыруға;
-
жүргiзушiлер еңбегi мен демалысының белгiленген режимiн сақтауға;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi
құралдарының жүргiзушiлерi мен басқа да қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру
үшiн жағдай жасауға;
- жол-көлiк
оқиғаларының және жол қозғалысы ережелерiн бұзудың себептерiне талдау жасап,
оларды жоюға;
- көлiк
құралдарының техникалық жай-күйiн және оның дұрыс жағдайда пайдаланылуын
бақылауды қамтамасыз етуге;
-
жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және мезгiл-мезгiл медициналық байқаудан
өткiзiп тұруды қамтамасыз етуге;
-
жүргiзушiлердiң жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге дәрiгер келгенге
дейiнгi көмек көрсету дағдыларын жетiлдiру жөнiндегi шараларды ұйымдастыруға
мiндеттi.
2.
Автомобиль және қалалық жер үстi электр көлiгi құралдарымен тасымалдау қызметiн
жүзеге асыратын мамандандырылған кәсiпорындар арнаулы ережелер белгiлеп, жүктiң
түрiн, оларды тасымалдау ерекшелiктерiн ескере отырып және қолданылып жүрген
заңдар шегiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жүргiзушiлерге
қосымша талаптар қоя алады.
14-бап. Жол
жүрiсiне қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi
1.
Азаматтардың жолдармен жүрудiң қауiпсiздiк жағдайлары құқықтарына, мемлекет
кепiлдiк бередi және ол құқықтар Қазақстан Республикасының жол жүрiсi
қауiпсiздiгi туралы заңдарының, Республика бекiткен халықаралық шарттардың
орындалуы арқылы қамтамасыз етіледi.
2. Жол
жүрiсiне қатысушылардың өз құқықтарын iске асыруы жол жүрiсiне басқа
қатысушылардың құқықтарын шектемеуге немесе бұзбауға тиiс.
3. Жол
жүрiсiне қатысушылардың:
- заңдармен
белгiленген ережелер мен ресiмдерге сәйкес және солардың негiзiнде жолмен
еркiн, кедергiсiз жүруге;
- лауазымды
адамдардан және жол жүрiсiн қадағалауды жүзеге асырушы мемлекеттiк органнан
жолмен жүруге тыйым салыну немесе шектелу себептерi туралы түсiнiктеме алуға;
-
қозғалыстың қауiпсiз жағдайлары, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге
байланысты өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтер сапасы туралы, қызметi жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардың құқықтары,
мiндеттерi мен жауапкершiлiгi туралы толық және анық ақпарат алуға;
- қызметi
жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты ұйымдар мен лауазымды
адамдардан жол-көлiк оқиғасы кезiнде медициналық көмектiң, құтқару жұмыстарының
кепiлдi көлемi мен басқа да қажеттi көмектi тегiн алуға;
- жол-көлiк
оқиғасы салдарынан өздерiне дене жарақаттары келтiрiлген жағдайларда, сондай-ақ
көлiк құралы мен (немесе) жүк бүлiнген жағдайларда заңдарда белгiленген тәртiп
бойынша залалды өтеттiруге;
- жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгiн жүзеге асырушы лауазымды
адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген тәртiп бойынша шағым жасауға құқығы бар.
4. Жол
жүрiсiне қатысушылар осы Заңның және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге
қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң талаптарын орындауға мiндеттi.
ҚР
2004.20.12. № 13-III
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара);
2006.10.01. №
116-III (бұр.ред.қара)
(2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен 15-бап өзгертілді
15-бап.
Көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу
1. Көлiк
құралдарын жүргiзу құқығы мыналарға берiлуi мүмкiн:
- он алты
жасқа толған адамдарға - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа да мотокөлiк
құралдарын ("А" санаты) жүргiзуге;
- он сегiз
жасқа толған адамдарға - рұқсат етiлген ең ауыр салмағы 3500 килограмнан
аспайтын және жүргiзушiнiң орнын есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден
аспайтын автомобильдердi ("В" санаты), сондай-ақ рұқсат етiлген ең
ауыр салмағы 3500 килограмнан асатын автомобильдердi ("С" санаты)
жүргiзуге, бұған "Д" санатына жататындары кiрмейдi;
- жиырма
жасқа толған адамдарға - жолаушылар тасуға арналған және жүргiзушiнiң орнын
есептемегенде, отыратын орын саны сегiзден астам болатын автомобильдердi
("Д" санаты), троллейбустар мен трамвайларды жүргiзуге;
-
"В", "С" немесе "Д" санаттарына жататын көлiк
құралдарын жүргiзу құқығы бар адамдарға көлiк құралдарының тиiстi санаттарын
жүргiзу стажы он екi айдан кем болмаған жағдайда - көлiк құралдарының
құрамдарын ("Е" санаты) жүргiзуге.
2. Көлiк
құралдарын жүргiзу құқығы тиiстi куәлiктермен расталады. Қазақстан Республикасы
аумағында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары талаптарына сәйкес
келетiн ұлттық және халықаралық жүргiзушiлер куәлiктерi қолданылады.
3. Көлiк
құралдарын жүргiзу құқығының куәлiктерi осы бапта белгiленген жасқа толған,
медициналық жағынан кiнараты жоқ, көлiк құралдарының тиiстi санатының
жүргiзушiлерiн даярлайтын үлгi бағдарламалар көлемiнде қажеттi бiлiм мен
дағдысы бар және белгiленген тәртiппен емтихандар тапсырған, Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын адамдарға берiледi.
4. Көлiк
құралдарының тиiстi санаттарына жүргiзушiлер даярлаудың үлгi бағдарламаларын
және рұқсат беру тәртiбiн жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы
орган мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен келiсе
отырып әзiрлейдi.
5. Көлiк
құралдарының "А" және "В" санаттарын жүргiзу құқығына
куәлiк алу үшiн азаматтардың тиiстi бағдарламалар көлемiнде өз бетiнше
даярлануына жол берiледi.
6. Адамдарды
көлiк құралдарын жүргiзу құқығын алу емтихандарына жiберу, оларды тапсыру, көлiк
құралдарын жүргiзу құқығына куәлiктер беру тәртiбiн және
адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салатын медициналық кiнараттарының
тiзбесiн жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгiлейдi.
16-бап.
Көлiк құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi
1. Көлiк
құралдарын жүргiзу құқығының күшiн тоқтату негiздемелерi мыналар болып
табылады:
- жүргiзушi
куәлiгiнiң белгiленген қолданылу мерзiмiнiң бiтуi;
- жүргiзушi
денсаулығының көлiк құралдарын қауiпсiз жүргiзуге кедергi келтiретiндей
нашарлап, оның медициналық қорытындымен расталуы;
- көлiк
құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға.
2.
Жауапкершiлiк шаралары ретiнде көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға не
сондай құқықты шектеуге әкеп соғатын құқық бұзушылық түрлерi Қазақстан
Республикасының заңдарымен
белгiленедi.
2004.20.12.
№ 13-III ҚР Заңымен
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету
1. Жол
жүрісі қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету:
- көлiк
құралдарын жүргiзу құқығына куәлiк алуға үмiткер азаматтар мен жүргiзушiлердi
мiндеттi түрде медициналық куәландыруды;
-
жүргiзушiлердi сапарға шығар алдында және ағымдағы медициналық байқаудан
өткiзудi;
- жол-көлiк
оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi;
- жол
жүрiсiне қатысушыларды, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн органдардың
лауазымды адамдарын, сондай-ақ азаматтарды жол-көлiк оқиғаларында зардап
шеккендерге дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсету тәсiлдерiн үйретудi қамтиды.
1-1. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi үйлестiрудi
денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жол-көлiк
оқиғаларында зардап шеккендерге медициналық көмек:
- жол-көлiк
оқиғасы болған жерде дәрiгер келгенге дейiн көмек көрсетудi;
- жол-көлiк
оқиғасы болған жерде, медицина ұйымына бара жатқан жолда және медицина ұйымында
медициналық көмек көрсетудi қамтиды.
3.
Адамдардың көлiк құралдарын жүргiзуiне тыйым салуға негiз болатын медициналық
кiнәраттардың тiзбесiн, медициналық куәландыру, тексеру тәртiбiн және олардың
мерзiмдiлiгiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Алғашқы
көмек көрсетуге арналған (автокөліктік) дәрі жиынтығының құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің
Төрайымының 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 225 бұйрығын қара
24.12.01 ж. № 276-11; 10.06.03 ж. № 433-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. №
116-III (бұр.ред.қара)
(2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi); 2006.29.12. №
209-III (бұр. ред .қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Көлік құралдарын пайдалану кезінде жол жүрісi
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жалпы талаптар
1. Шығарылған көлiк құралдарының конструкциясы, оның
iшiнде олардың құрамдас бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы
бөлшектерi мен керек-жарақтарының конструкциясы жол жүрiсi қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде техникалық регламенттерде белгіленген
талаптарға сай болуға тиiс.
2. Көлiк құралдары, олардың құрамдас бөлiктерi,
қосымша жабдықтау заттары, қосалқы бөлшектерi мен керек-жарақтары жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жататын бөлiгiнде Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестігі расталуға тиiс.
3. Механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің
жекелеген түрлерінің жалпы пайдаланудағы жолдармен жол жүрісіне қатысуына
рұқсат беруді жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган тиісті
құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін бере отырып, мемлекеттік
тіркеу, оларды пайдаланушы, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланушы адамдарды
тіркеу мен есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау мен куәлік беру
арқылы жүзеге асырады.
Механикалық көлік құралы мен тіркеменің техникалық
регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растау
саласындағы құжаты болмаса, оны мемлекеттік тіркеуге тыйым салынады.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай
түрлері мемлекеттік тіркелуге жатады:
1) жеңіл, жүк автомобильдері және автобустар, олардың
базасында жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда;
2) мотоциклдер және мотороллерлер;
3) автомобильдердің құрамында жүруге арналған
тіркемелер;
4) ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен
алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара)
5) басқа мемлекеттерде тiркелген және Қазақстан
Республикасының аумағына екi айдан артық мерзiмге әкелiнген жеңiл, жүк
автомобильдерi мен автобустар, бұған қоса олардың шассилерiнде жасалған арнайы
автомобильдер, мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге
арналған тiркемелер.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелердің мынадай
түрлері мемлекеттік тіркелуге жатпайды:
1) жабық аумақтарда технологиялық көлік ретінде
пайдаланылатын автомобильдер мен тракторлар, олардың базасында жасалған арнайы
автомобильдер мен тракторларды, өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді,
тіркемелерді қоса алғанда;
2) троллейбустар;
3) трамвайлар және рельспен жүретін басқа да
механикалық көлік құралдары;
4) басқа мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының
аумағына екі айдан аз мерзімге әкелінген жеңіл, жүк автомобильдері мен
автобустар, олардың шассилерінде жасалған арнайы автомобильдерді қоса алғанда;
мотоциклдер мен мотороллерлер, автомобильдердiң құрамында жүруге арналған
тiркемелер..
Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын және
олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеудiң Ережелерін қара
4. Тiркелген көлiк құралдарының конструкциясына, соның
iшiнде оның жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге әсер ететiн құрамдас
бөлiктерiнiң, қосымша жабдықтау заттарының, қосалқы бөлшектердiң және
керек-жарақтарының конструкциясына өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен
сәйкестікті қайта растауды өткiзу қажет.
5. Жол қозғалысына қатысатын көлік құралдарының
конструкциясы, техникалық жай-күйі және жабдықтары жол жүрісі қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге қатысты мынадай негізгі талаптарға:
1) көлік құралында жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін тежегіш жүйе, рульдік басқару, артқы жағын шолу айнасы, дыбыс
сигналы, шассилер, жарық беру аспаптары болуына;
2) көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға мүмкіндік
беретін шолу мен көрудің жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне;
3) адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға
зиян келтіру қаупін болғызбайтын қосымша жабдық тетіктері, заттары және көлік
құралының бейімделген құрылғылары болуына;
4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда жолаушылар және
жол қозғалысының басқа да қатысушылары үшін қауіпісіздікті бәсеңдетуді
қамтамасыз етуге сәйкес келуге тиіс.";
6. Көлік құралдарын пайдалану кезінде олардан қоршаған
ортаға бөлінетін шығарындылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық
регламенттерде белгіленген жол берілетін деңгейден аспауға тиіс.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 19-бап
өзгертілді; ҚР 10.06.03 ж. № 433-11 Заңымен 19-бап жаңа
редакцияда (бұрынғы ред.
қара); ҚР 2006.10.01. № 116-III
Заңымен 19-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара)
19-бап. Механикалық көлік құралдарын мемлекеттік
техникалық байқаудан өткізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын
және жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органда тіркелген
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері міндетті мемлекеттік
техникалық байқаудан өткізілуге тиіс.
2. Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің тәртібі
мен мерзімдерін жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган
белгілейді.
Қара: Қазақстан Республикасында көлік құралдарына
мемлекеттік техникалық байқау жүргізуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 тамыздағы № 1206 Қаулысын
2006.29.12.
№ 209-III
Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред .қара)
20-бап. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету
мен оларды жөндеу кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
негiзгi талаптар
1. Көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету мен
оларды жөндеу нормативтерiн көлiк құралдары шығарған зауыттар олардың пайдаланылу
жағдайларын ескере отырып белгiлейдi.
2. Техникалық қызмет көрсетiлiп, жөндеуден өткiзiлген
көлiк құралдары Жол жүрiсi ережелерiнiң және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етуге қатысты басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына
сәйкес келуге тиiс.
ҚР 08.05.03
ж. № 414-11 Заңымен
;2006.29.12. № 209-III
Заңымен (бұр. ред .қара)
21-бап өзгертілді
21-бап. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салудың
негiздемелерi мен тәртiбi
1. Көлiк құралдарын пайдалануға мынадай жағдайларда:
-көлік құралдарының конструкциясы осы Заңның
талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмесе;
- жол жүрiсi қауiпсiздiгiне және қоршаған ортаға қатер
төндiретiн техникалық ақаулары болса;
- көлiк құралына орнатылған тораптар мен агрегаттардың
нөмiрi мен көлiк құралындағы тiркеу құжаттарына енгiзiлген деректерге сәйкес
келмесе;
- тiркеу құжаттары мен мемлекеттiк техникалық
байқаудан өткiзiлгенi туралы құжаты болмаса;
- мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiлерi болмаса
немесе олар белгіленген талаптар мен тiркеу құжаттарына сәйкес келмесе;
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және (немесе) тасымалдаушының
жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
шарты болмаса;
- заңдарда көзделген басқа да жағдайларда тыйым
салынады.
2. Көлiк құралын пайдалануға тыйым салуды ондай тыйым
салуға негiз болған себептер жойылғанға дейiн оған уәкiлдiк берiлген лауазымды
адамдар жүзеге асырады.
3. Көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салу тәртiбi
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2004.20.12. № 13-III
(2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред.
қара)
22-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi шаралар
1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды оның
қауiпсiздiгi мен жолдардың өткiзу қабiлетiн арттыру мақсатында автомобиль
жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн
уәкiлеттi мемлекеттiк орган, қарамағында автомобиль жолдары бар жергiлiктi
атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi
жөнiндегi орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
2. Аталған шараларды әзiрлеу мен өткiзу Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша бекiтiлетiн жобалар,
схемалар және өзге де құжаттар негiзiнде нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес
жүзеге асырылады.
2006.29.12. № 209-III
Заңымен 23-бап өзгертілді (бұр. ред .қара)
23-бап. Жол жүрiсiн ұйымдастыру процесiнде оның
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
1. Жол жүрiсiн ұйымдастыру жөнiндегi қызмет техникалық
регламенттермен реттелген және жол жүрiсiн ұйымдастырудың жобалары мен
схемаларындағы көзделген техникалық құралдар мен конструкцияларды кешендi
пайдалану негiзiнде қауiпсiздiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиiс.
2. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiне нақты қатер төнген
реттерде көлiк құралдары мен жүргiншiлердiң жүрiп-тұруын ұйымдастыруға
өзгерiстi соған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар ғана белгiленген тәртiппен
жүзеге асыруға тиiс.
ҚР
2006.10.01. № 116-III
Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара) ; 2006.29.12. № 209-III
(бұр. ред .қара)
Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Жолдарды жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу,
күту және басқару кезiнде жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi
негiзгi талаптар
1. Қазақстан Республикасының аумағында жолдарды
жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу, күту және басқару техникалық
регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптары негiзiнде және соларды
сақтай отырып орындалуға тиiс.
Жолдарды жобалау, салу және қайта жаңарту кезiнде жол
жүрiсi қауiпсiздiгiне терiс әсер ететiн инженерлiк шешiмдер есебiнен күрделi
шығындарды азайтуға жол берiлмейдi.
2. Жолдарды жобалаудың, салудың, жөндеудiң, күту мен
басқарудың нормативтiк, жобалық және техникалық құжаттамасы жол жүрiсi
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Үкіметi
белгiлейтiн тәртiппен келiсiлуге және бекiтiлуге тиiс.
3. Салынған, қайта жаңартылған және жөнделген
жолдардың жол жүрісінің техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға
сәйкестiгi жолдарды қабылдап алу актiсiмен куәландырылады. Жолдарды қабылдап
алу актiсiн белгiленген тәртiппен өткiзiлген тексерiп қарау, зерттеулер мен
сынақтан өткiзу нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлдiк
берген орган тағайындайтын комиссия бередi.
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде
жолдардың жай-күйiнің белгiленген талаптарға сай болуы үшiн жауапкершiлiк
жобалау кезеңiнде жобаны орындаушыға, ал қайта жаңарту және салу кезеңдерiнде
жұмыстарды орындаушыға жүктеледi.
4. Пайдалану процесiнде жолдардың жай-күйi техникалық
регламенттерге сәйкес келуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндет жолды иеленушi
(қарамағындағы) заңды және жеке тұлғаларға жүктеледi.
25-бап.
Жолдағы жүрiстi шектеу немесе тоқтату
1. Көлiк құралдарының жолдарымен жүруi дүлей зiлзала,
жолдағы климат жағдайлары қолайсыз болған, бұқаралық шаралар өткiзiлген
реттерде және жол жүрiсi қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн басқа да реттерде
уақытша шектеледi немесе оған тыйым салынады.
2. Көлiк құралдарының жолдармен жүруiн тоқтату немесе
уақытша шектеу негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi.
Қара: Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль
жолдарын пайдаланудың тәртібі
4 тарау
Қорытынды ережелер
26-бап. ҚР 2006.10.01. № 116-III Заңымен алып тасталды (2006.01.01.
бастап қолданысқа енгiзiледi) (бұр.ред.қара)
27-бап. Жол
жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы заңдарды бұзғандық үшiн
жауапкершiлiк
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы
заңдардың бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жауапты болады.
28-бап.
Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық
шартта жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы Қазақстан Республикасы заңдарында
белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi |
Н. Назарбаев
|