4 сынып оқушыларының қабілетін
дамытуға арналған ойындардың жүргізілгендігі туралы анықтама
Мерзімі: 18 қазан 2017ж.
Мақсаты: жеке тұлғаны дамыту,
танымдық ауқымын кеңейту, баланың қабілетін дамыту.
Жауапты: мектеп психологы
Қатысқандар: 4 сынып оқушылары
Барысы: оқушылардың қабілеттін
ойын арқылы дамыту мақсатында «Не үлкен?» жаттығуы жүргізілді. бұл жаттығу барысында оқушыларға сұрақтар
қойылды. Мысалға: орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды атап шығады. Ойын
барысында бір затты екі рет қайтлаған адам ойыннан шығады. Ал жеңімпаз бала
жүргізушы болады. Осылай тағы оқушыларға жеңімпаз атанған Аяжан оқушыларға
партадан не үлкен? деп сұрақ қойды оқушылар, жауаптарын айтып, кейбірі терезе
десе, кейбірі есік деп ойынды жалғастырды. Бұл жаттығуда оқушының қаншалықты
деңгейде алғыр және ойлануға қабілетті екендігі байқалды.
Оқушылармен «Сиқырлы қапшық»
жаттығуы жүргізілді. жаттығу барысы: оқушылар шеңбер жасай отырып, жүргізуші
алдыңғы орындыққа отырып, үстел басындағы қапшықтың ішінде әр түрлі ойыншықтар
тұр, сол ойыншықтар ішінен екі бірдей затты тауып алыңдар деп бұйырады. Бірақ
ойын шарты бойынша қапшықтың ішінен шығармай тапқан затын айту керек, мысалға,
екі машина, екі доп, екі кеме, т.б. осылай оқушылар заттарды тауып, тексеру
үшін қапшықтан заттарды шығарады, ойынды
шеңбер бойынша жалғастырады. Бұл
ойынның қорытындысы әр оқушының қаншалықты деңгейде сезіну қабілеттілігі бар
екендігі анықталынады.
Қорытындылай келе, оқушылардың ойын
арқылы баланың қабілеттілігін арттырудың тиімді екендігі анықталынды. Оқушылар
ойынға қызығып, жаттығуда өз ойларымен бөлсіп, көңіл күйлеріне де жақсы әсер
берді. Сынып бойынша оқушылардың балалрдың таным процесстері жақсы деңгейде
дамыған.
Өткізген психолог: Мүтән Б