«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта бәләм беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Комунальное государственное учреждение "Обще образовательная школа села Бектау отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Функционалдық сауаттылық

08.11.2017

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу» біліктілікті

арттыру ұлттық орталығы  акционерлік  қоғамының филиалы  «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін 

арттыру институты»

 

 

 

 

         Жобаның тақырыбы:                                            

Химия биология  сабағында оқушылардың функциональдық

сауаттылығын арттыру

   

Жобаның авторлары:

      Зоя

Көлбай Шортанды ауданы Бектау ОМ

      Бекбергенова Шнарай

Бегимбетовна Көкшетау қаласы  №17 ОМ

     

Жумагулова Сағыныш Нурбаевна  Көкшетау

қаласы №12 ОМ

  Акыжанова Асемгүл Ботабаевна Көкшетау қаласы

 Красный -яр №1 ОМ

Ахметова Аяулым

Жетписовна   Бурабай ауданы  Абылайхан ОМ

     

 

                                                          

Курс жетекшісі :  Жуманбаева Айгуль

Оразовна

 

                                  Көкшетау қ,

2017 ж.  

 

Мазмұны

 

1.      Кіріспе

2.      Негізгі

бөлім

3.      Қорытынды

4.      Қолданылған

әдебиеттер

5.      Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Таңдалған жобаның өзектілігі:  Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана

емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.

Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі

жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырып және қоғамға

пайда келтіре алатын тұлға дайындау.

Жобаның мақсаты: Бәсекеге қабілетті, шығармашыл, өз қалауымен

қоғам талабына сай, өзін көрсете білуге дайын, қарқынды дамып келе жатқан

ортада өмір сүруге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру

Жобаның міндеттері:

 - 

Жас ерекшеліктерін анықтай отырып, қызығушылығына сәйкес  

     материалдар дайындау;

-  Материалдарды технология негізінде

түсіндіру;

-  Сын тұрғысынан ойлау, дамыту , оқыту;

-  Оқыту –ойын технологиясын

пайдалана отырып, жазбаша , ауызша тілдерін

  

дамыту;

Тақырыптың қысқаша

мінездемесі:

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылық  дегеніміз –

адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене

араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай

ілесіп отыруы, адамның мамандығына жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп

отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан

Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,

оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Жалпы функционалдық сауаттылықтың мазмұны:

Оқу және жазу сауаттылығы

Оқыту мен оқудағы функционалдық сауаттылық.

Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін қазіргі оқу үдерісінде оқушы білім

алуда, өз білімін реттей алатын, өздігінен білімді алуда іздене білетін, ортада

өзін жеке тұлға ретінде ойын еркін де, сауатты жеткізе алатын және алған

білімін қолдана біліп, оған баға беруге қалыптастыру керек. Ол үшін оқыту мен оқудағы

үшінші базалық деңгейдің жаңа әдіс- тәсілдерінің ықпалы мол екенін атап өткім

келіп отыр.Үш айлық курсың нәтижесінде білім беру үдерісіне оқыту мен оқудың

жеті молулінің бір- бірмен байланысын анық біле отырып, оқу үдерісін тиімді де

және сапалы ұйымдастыруға болатынын білдім. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен

бастан оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфераны құруда, оқушының білмге

деген қөз қарасын түбегейлі өзгетуге болады. Жаңа әдіс-тәсілдердің

стратегияларын сабақ кезеңдерінде дұрыс және тиімді жоспарланса, оқушы қандай пәннен

болсада өзін- өзі реттей біле отырып, өзіне деген құрметті, өзінің

жауапкершілігін сезінеді. Оқушы бойында бұл қасиеттерді дамыту үшін мұғалімнің

ролі жоғары екенін атауға болады. Мұғалім оқыту мен оқуда өзі жаңашылдықты қабылдай

отырып, оны дұрыс қолдана білудің өзі нәтижеге әкелінетіні күмән келтірмейді.

Себебі мұғалім тек оқытушы емес, ол бағыттаушы , жеке оқушының жан дүниесін бақылаушы

және көшбасшы екенін түсінеді. Атап айтқанда, ұстаз оқушының білім алуда сыни тұрғыдан

ойлауын үйрете біліп, ойларын диалог түрде өз көзқарастарын ортаға сала біліп,

сыныптастарына кезкелген кезде көмекке келуге дайын екенін байқауға болады. Оқушы

әр түрді жағдайаттарда білімдерін бөлісудің өзі функционалдық сауттылықтың

нышаны болып келеді. Сыныптағы оқу үлгерімдері әртүрлі оқушылардың осындай іс әрекетердің

нәтижесінде оқушыныің шамасына қарай, жас ерекшеліктеріне қарай мақсатқа жету үшін

сәлде болсада алға ілгерушілігі байқалынады. Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін  қазіргі оқу үдерісінде  оқушы білім алуда, өз білімін реттей алатын, өздігінен

білімді алуда іздене білетін, ортада өзін жеке тұлға ретінде ойын еркін де,

сауатты   жеткізе алатын және  алған білімін қолдана  біліп, оған баға беруге қалыптастыру керек.

Ол үшін оқыту мен оқудағы үшінші базалық деңгейдің жаңа әдіс- тәсілдерінің ықпалы

мол екенін атап өткім келіп отыр.Үш айлық курсың нәтижесінде білім беру үдерісіне

оқыту мен оқудың жеті молулінің бір- бірмен байланысын анық біле отырып, оқу үдерісін

тиімдіде және сапалы ұйымдастыруға болатынын білдім.Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен

бастан оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфераны құруда, оқушының білмге

деген қөз қарасын түбегейлі өзгетуге болады. Жаңа әдіс-тәсілдердің

стратегияларын сабақ кезеңдерінде дұрыс және тиімді жоспарланса,  оқушы қандай пәннен болсада өзін- өзі реттей

біле отырып, өзіне деген құрметті, өзінің жауапкершілігін сезінеді. Оқушы

бойында бұл қасиеттерді дамыту үшін мұғалімнің ролі жоғары екенін атауға

болады.

       ХХІ ғасырдың жан-жақты,

зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту

жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда

.Соған орай ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті,

әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзіреттіліктің

сипатына беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме

берілген.Тұлға құзіреттілігін дамыту – ұстаздың құзіретті тәсілдерді меңгертуі,

білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу ісіне өзінше

қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек. Оның бастысы – оқу

үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын

жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы

іске асады. Мұғалім – бағыт беруші, ұйымдастырушы. Америка ғалымдары Джинни

Стилл, Куртис Мередит, Чарлз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан

ойлауды дамыту» жобасының оқушы құзіреттілігін дамытуда маңызы зор. Сын тұрғысынан

ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,

естіген, білгенін талдап, салыстырып, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп,

тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Бұл

жобаның тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге

қызығушылығы оянып, талдау жұмыстарын жүргізе білуге уйренеді. Оқушылардың сабаққа

қызығушылығын оятқан әдістер арқылы өз ойларын топта, ұжымда талдай бастады.

Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ,

адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге

белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы. Яғни

бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыруы. Сонымен,

функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, жасына қарамастан үнемі білімін

жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа алынатын функциональдық сапалар:

белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс

таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан

республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,

оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім

алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей

негізгі механизімдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат,

міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері (механизмдері) нақтыланып,

мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде

басшылыққа алынады. Олар:

• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);

• оқыту нысандары мен әдістері;

• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

•мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу

жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы

білім беру ортасының болуы;

• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Оның алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни

мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта

мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан

бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін

практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана

алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар: басқарушылық

(проблеманы шешу қабілеті); ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі

білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); коммуникативтік (үш

тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау); әлеуметтік

(қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық ( өзін

жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру,

болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді

болу); азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін

терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);

технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық

технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы

аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің

мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс. Оқушының сыни ойлауын дамытуға бағытталған жаңа

инновациялық «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасының да басты

міндеттерінің бірі — ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше

алатын адам тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне,

балаға бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен

тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген ұстаздардың

шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргiзетiн, рухани жағынан

дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал жасауы болып табылады.

Егеменді еліміздің халық шаруашылығын дамытудың маңызы, оның материалдық-техникалық

базасын нығайтудың өзекті проблемаларын шешудегі, қоғамдық өндірістің

тиімділігін арттырудағы, еңбекшілердің материалдық және мәдени деңгейін көтерудегі

химия-биология ғылымының маңызы мен ролі өте зор. Себебі ғылымдар жүйесінде

химия-биология айрықша орын алады.

 

 

 

Негізгі бөлім

          Химия-биология сабақтарында

оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды

практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың

білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге

ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализми элементтерін жояды. Оқушылардың

білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім

сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік

береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей,

қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге

асырушысы болуы тиіс.Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең

жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім,

кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды

алданыш және жеңіл көңіл көтеру деп ойлайтындар Химия -биология сабақтарында

мынадай әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра

отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.

       «БББ» кестесінің алғашқы екі

кестесін, яғни «не білемін», «не білгім келедіні» оқушылар жаңа тақырып

басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ

деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.

       Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай

да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы

орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі,

сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

       Кластерлер

(жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы

байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек

тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның

жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара

байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы: Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ,

тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада

сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін

берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен

жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл

сыныпқа жариялауын сұрануына болады.  Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім

сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау )терминдер) жазып қойып

(3-4атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен

байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын

топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше

оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады

       Еркін жазу – оқушылардың тақырып

бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт

аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.  

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін

ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп,

игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол

туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

         Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр

бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен

сұрақ қою тәсілі.Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ

жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен

кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және

Д оқушыларға сұрақ қояды.

       «Джигсо» әдісінің артықшылығы

– топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын

дамытуды қамтамасыз ететіндігі.

• Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім

оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына

қарап бөледі.

• Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі

бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек.

Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне

бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ

ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.

      Сабақты бекітуге және үй

тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: Ыстық орындық - Бір оқушы алға шығып өз

пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым

мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей

алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады (мысалы,

Гордон Браун немесе жалғыз басты жас ана).

Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе

бойынша өз пікірін келтіру үшін немесее жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра

алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды

келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын

сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге

болады.

қамтамасыз ету

міндетті болып саналады.

Оқыту мен оқудың

белсенді әдістерінің функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы ықпалы

       Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы

27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»

атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын

дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.Ұлт-тық

жоспардың мақсаты – Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың

функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі

мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады.

Оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік

бейімделу үдерісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер

жүйесін меңгеруі олардың функционалдық сауаттылығы дамуының нәтижесін береді.

Функционалды сауатты адам қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың

қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап

дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез

келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның

негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл

табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді

меңгерген адам болып саналады.

Негізгі құзыреттіліктер кез келген адамның таңдаған мамандығына қабілеттіліктері

мен біліктігіне, бәсекеге қабілетті орта жағдайында өзінің жеке өмірі мен кәсіби

жұмысында нәтижеге жетуін түсінуіне мүмкіндік береді.

Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері

арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру

негізінде жүзеге асады. Осыған орай химия, биология,география сабақтарында

ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамытуты ескере отырып әр түрлі тапсырмалар

берілуі керек.

Сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына қойылатын қоғамдық

талаптарға байланысты құбылмалы сипатқа ие болады. Ол қарапайым оқу, жазу,

санау біліктіліктерінен бастап адамның әлеуметтік үдерістерге саналы түрде қатысуына

мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын кешенді білімдер мен біліктерден құралатын

функционалдық сауаттылықты меңгеруді де қамтиды.

 

“Химия  биология сабақтарында оқушылардың

функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары”

        

ХХІ ғасыр – жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктердің уақыты. Осы ғасырдың

жедел қарқынында даму үшін, сонымен қатар, Елбасы қойған биік белестерге жету

мақсатында, өзгерістерге тез беиімделе алатын, заман талабына сай жетілген

мамандар қажет. Қазіргі таңда жеке адамның білімділік деңгейіне деген талаптар өсуде.

Жаңа жағдайдағы оқу үрдісі оқушылардың жан-жақты құзыреттілігіне, өмір бойы

білімдерін жетілдіруіне бағытталу міндетті. Жеке тұлғаның құзыреттіліктерінің

даму алғышарты – ол адамның бойындағы функционалды сауаттылықтың болуы.

  Қазақстан

халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміз жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті

мемлекетке айналу үшін біз жоғары білімді ұлтқа айналуымыз керек. Қазіргі кезде

тек қана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып тұр. Біздің азаматтарымыз заманауи

өндірістік құралдарымен жұмыс жасауға, үнемі білімдерін жетілдіруге дайын болуы

тиіс. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың функционалды сауаттылығына көп көңіл

бөлуіміз қажет» - деп атап көрсетті. Осы мақсатта 2012 жылдың маусым айындағы

№832 ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2012-2016 жылдарға оқушылардың функционалдық

сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық іс-қозғалыс жоспары бекітілді. Бұл - оқушылардың

функционалдық даму үрдісінің мазмұнын, оқу–әдістемелік, материалды–техникалық

жағынан қамтамасыздандыру бойынша іс–шаралар кешені.

   Жоғарыда

аталған жайтты жалпылай келе, функционалды сауаттылық – оқу қызметінде және күнделікті

өмірде жалпы білім беретін мектептер бағдарламалары бойынша оқушылардың пәндік

білімдерден басты құзыреттіліктерді игеріп, белгілі бір деңгейге жетуі деуге

болады.

   

Функционалды сауаттылыққа адамның логикалық сауаттылығы, заң сауаттылығы,

оқу және жазудағы сауаттылық, математикалық сауаттылық, отбасылық өмір мәселесіндегі

сауаттылық, ден саулық мәселесіндегі сауаттылық, қауіпсіздік жөніндегі

сауаттылық, компьютерлік және ақпараттық сауаттылық жатады

Сонымен, функционалды сауаттылық адамның өмір

бойы оқып-үйрену, ақпараттық байланыс технологияларын қолданып, шығармашыл

ойлау, дер кезінде дұрыс шешім қабылдау, әлеуметтік, мәдени, саяси және

экономикалық қызметтерде тиімді қарым-қатынас орнатудағы орасан зор ықпалын

тигізетін фактор.

   

Жылдар бойы сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім сапасын көтеруге,

олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында жан-жақтылыққа ұмтыламыз және

ізденеміз. Алдыңда отырған оқушының білім деңгейі, білімді менгеру дағдысы

барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай. Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген

деңгейлеп оқыту технологиясында оқушыны жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып жеңілден

ауырына қарай деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат –

білім, білік дағдыларын тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің

дамуына ықпал ету.

 Ол үшін

оқушылар мынадай әдіс тәсілдерді қолдану қажет:

·       

Берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлу;

·   Берілген

тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы

артады.

Оқыту технологиясының негізгі сатылары:

1.    

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

2.    

Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

3.    

оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.

4.    

Оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелер тарату. Яғни, «5», «4», «3»-тік

білімге сай.

5.    

Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.

    Оқушылардың

білімдері біліктілік дағдыға айналу үшін, міндетті түрде  оқушылардың өздері талпыну керек. Мұнан кейін

деңгейлік тапсырмаларды орындай білу керек. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік

тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені,

ол оқушының ойлауын, елестеу мен еске сақтауын, белсенділігі мен дағдысын,

білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

 

Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін

дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда тиімді пайдалана

білуін қамтамасыз ету»(Мұғалімге арналған нұсқаулық,6-бет).Осы мақсаттың

орындалуы үшін « Диалогтық оқытудың» маңызы зор.«Диалог негізінде оқыту және оқу»

атты педагогикалық тәсіл әлеуметтік- сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы

негізгітүсіндірмесі ретінде қолданылады.Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-

жауап әдісі қолданылады, себебі диалог оқушыларды қарапайым ауызша сөйлей

білуге үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғына білуге және өз

ойын жеткізе білуге үйретеді. Диалогты оқыту әдісін пайдаланып қана қоймай, оқушылардың

өз еркімен ойлау жүйесін дамыту мақсатында ішкі ойлау жүйесін (монологты)

біртіндеп дамыту қажет. Диалог арқылы оқыту мен оқу оқушылардың өзара әңгімелесуі

және мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой- пікірін жүйелеуі

мен дамытуына көмектеседі,оқушының функционалдық сауаттылығының артуына ықпал

етеді.

    Мұғалім-оқушы

диалогында мұғалімнің қойған сұрағы маңызды болса,ол баланың ойлауын туғызып,тіл

байлығын арттырады.Оқушының түсінік деңгейіне сәйкес келетін сұрақтар олардың өзіндік

ойлауын дамытады.Сондықтан жай кітаптағы фактілерге сүйеніп қойылған сұрақтардан

гөрі, сол тақырыпқа сай,бірақ бала өз ойынан жауап беретіндей етіп өмірмен

байланыстырып қойған сұрақ әлдеқайда тиімді.Әр сабақта осыған дағдылансақ,осындай

бірлескен жұмыс мақсатқа жетуге ықпал етеді.

  

Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге,

жылдан-жылға өсуде. Заман  талабы оқушылардың

бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Әрбір  пән оқушыға қажет білім, білік, дағды  қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін-өзі

танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап

білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы 

құзіреттілікке  алып келеді.

 Пәнаралық

байланыс пен оқушы бойында жалпы функционалдық сауаттылықты  қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында

әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның

өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы

өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай,

бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.

     

Пән аралық байланыстың басты міндеті-оқушылардың бір пәннен меңгерген

білімін, дағдыларын екінші бір пәндерде орынды қолдана білуі.     Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек,

жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет

біткеннің өзегі,тағылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда

білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының

тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани

құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

    Әр

күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт

талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор

жауапкершілікті жүктейді. Сол талапқа сай болу біздің міндетіміз оқушылардың

функционалдық сауаттылығын арттыру -білім алудағы дербестікті, ақпарат пен

технологияны пайдалана білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен сыни тұрғыда

ойлауды қарастырады. Жаңа технологияны сабақтарда пайдалану арқылы оқушылардың

шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылығы артады.          Функционалдық сауаттылықты дамыту үшін  қазіргі оқу үдерісінде  оқушы білім алуда, өз білімін реттей алатын, өздігінен

білімді алуда іздене білетін, ортада өзін жеке тұлға ретінде ойын еркін де,

сауатты   жеткізе алатын және  алған білімін қолдана  біліп, оған баға беруге қалыптастыру керек.

Ол үшін оқыту мен оқудағы үшінші базалық деңгейдің жаңа әдіс- тәсілдерінің ықпалы

мол екенін атап өткіміз келіп отыр.Үш айлық курсың нәтижесінде білім беру үдерісіне

оқыту мен оқудың жеті модулінің бір- бірмен байланысын анық біле отырып, оқу үдерісін

тиімдіде және сапалы ұйымдастыруға болатынын білдік. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінен

бастан оқушылар арасында ынтымақтастық атмосфераны құруда, оқушының білмге

деген қөз қарасын түбегейлі өзгетуге болады. Жаңа әдіс-тәсілдердің

стратегияларын сабақ кезеңдерінде дұрыс және тиімді жоспарланса,  оқушы қандай пәннен болсада өзін- өзі реттей

біле отырып, өзіне деген құрметті, өзінің жауапкершілігін сезінеді. Оқушы

бойында бұл қасиеттерді дамыту үшін мұғалімнің ролі жоғары . Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге

қабілетті 50 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін

маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның

ең басты функционалдық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және

шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім

алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында

қалыптасады. Мемлекет басшысының айтуына қарағанда, білім беру жастардың

сауатын ашып қана қоймай, оны әлеуметтік бейімделу кезінде пайдалануға үйретуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Химия, оқулық, Н.Нұрахметов, Қ.Бекішев,

Н.Заграничная, Алматы «Мектеп» 2011

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын

дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан

Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).

3. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыруы – Қазақстан

дамуның басты бағыты» Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы

Қазақстан халқына Жолдауы.

4. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның

әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» («Егемен Қазақстан»),

2012 жылы 10 шілде мақаласы.

5. Выготский Л.С. Психология развития человека. – М.: Смвсл,

2006. – 48 с.

6. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік

мектебі» ДББҰ, 2012

7. Химия журналы.

8. Интернет жүйесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмыстары

Биология

Тақырыбы: Сілекей

ферментінің крахмалға әсерін зерттеу.

Мақсаты:Сілекей

ферменті птиалиннің (амилаза)крахмалға әсерін дәлелдеу.

Құрал-жабдықтар:мақта дискісі,мақта таяқшасы,крахмал,йод  ерітіндісі,Петри табақшасы.

Жұмыс барысы.

1.Мақта дискісін крахмалға батырамыз.

2. Петри табақшасына саламыз.

3.Сілекейге шыланған мақта таяқшасын аламыз және Петри табақшасындағы  мақтаның бетіне  шеңбер фигурасын  саламыз, табақшаның бетін  2-3 минут жауып тұрамыз.

4. Осы мақта дискісіне йод ерітіндісін тамызамыз.

Қорытынды.

1-сұрақ.Сілекейдің құрамында қандай ферменттер бар?

2-сұрақ. Ауыз қуысында қандай ферменттің әсерінен крахмал-моносахаридтерге

дейін ыдырайды?

Жауабы: сілекейдің құрамында крахмалды мальтазаға немесе мия қантына дейін

ыдырататын птиалин (амилаза)дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын мальтаза

бар.

Химия

Есеп-1

 Массасы 49грамм күкірт қышқылының

зат мөлшерін табыңыз?

Есеп -2

 Алюминий гидроксиді құрамындағы

элементтердің массалық үлесін табу

Просмотров: 1921


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст