Ұстаз-ұлағатты
есім
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз
деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстаз- ұлағатты есім.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі- ұстаз. Адамның адам болуып қалыптасуына
ата- аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор деп
ойлаймын. Бала бойына ата-
анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік,әдептілік,
ар-намыс, ұлттық сана- сезімді сіңіруші
адам-ұстаз. Сондықтан ұстаз- адам бойындағы тозбайтын ақыл иесі. Ұстаз бейнесі шәкірт үшін адамгершіліктің ең
жоғарғы үлгісі.
«Мұғалім -өзінің білімділігімен ,жүріс-тұрысымен , жайдары мінезімен,
тіпті сырт пішінімен, киінген киімімен де оқушысын жақсы
мағынада қатты әсер етеді»,- дейді Мәлік Ғабдулин. Мен осы сөзді жадымда
ұстаймын. Білім алып ,тәлім-тәрбие берген ұстаздарыма ризамын.
Бектау орта мектебінің ұстаздарына өмірлеріне бақыт, шығармашылық табыс тілейін.Мен
өзімнің ұстаздарымды мақтан тұтамын. Олардан үлгі аламын. Соларға қарап өсемін.
Осы ұстаздардың
күлімдеген көздеріне ешқашанда қаяу түспесе екен деймін, олар бақытты болса
менде өзімді бақыттымын деп санаймын.
Бектау орта
мектебінің
5 «А» сынып оқушысы
Делегат Жоламан