Ана тілім –ардақ тұтар алтыным
Қымбат
маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған
дана тілім ар тілім.
Ақ сүтімен
бірге сіңген бойыма,
Ана тілім- ардақ тұтар алтыным.
Тіл адамдардың өзара қатынас құралы екендігі әр халықтың сөйлейтін өзіне тән төл тілі болатыны анық.Тіл тек белгілі бір ортада ғана өркен жайып, көсегесін көркейте алады.Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз.Ел- жұртымыздың туған жеріміздің ерекшелігін ,қасиетін ана тіліміз арқылы ғана қабылдап,соған деген махаббатымызды ана-тілі арқылы жеткіземіз. Өзіңді –өзің жақсы білмесең басқаның жақсы- жаманын салыстыра да білмейсің.
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»,- дейді Ғабит
Мүсірепов. Сондықтан болашақ жастар қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық, достар!
Өйткені біз бүгінгі заманның баласы болғанымызбен келешек ұрпақтың атасымыз ғой. Ана тілім сен үшін күрес- болашақ ұрпақ үшін, халық үшін күрес дегім келеді.
Бір кезде: «Ерлік, ерлік, бірлік,қайрат,бақ, ардың.
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың,
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп.
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі,сен қалдың!»-деп жырлаған ұлы
Мағжан ақынның жүрек сөзінен ана тіліміздің шексіз бай, мәңгілік екені
көрінеді.
Жасай бер,бостандық, махаббат пен достық тілі-қазақ тілі!
Бектау орта мектебіеің 5 «А» сынып оқушысы Делегат Жоламан
Қазақ тілі-анамның тілі.
Иә, қазақ тілі-анамның тілі. Ана сүтімен қан тамырыма жайылған менің тілім.
« Ана сүті бойыңды өсіреді, ана тілі ойыңды өсіреді» дейді. Тіл-құрал. Ол-ойды жеткізудің
құралы. Тіл даму үшін әуелі ой дамуы керек. Тілді дамыту мәселесі бесіктен
басталатыны сөзсіз. Тіл өмірге араласып,заманға
тірі күйінде қызмет ету үшін, ең әуелі,тілдің өшпейтін өмірі болу керек. Біз
қандай дүние жазсақта тілдің қолданылатын ортасы-өмір,қорғаны-қоғам. Ендіше,
қазақ тілі-мемлекеттік тіл, ол өз топырағында
қағажу көрмей ,ауыз ашқан сөзге ,қия басқан қимылға емін-еркін араласатын ең
елгезек,ең ұрымтал тіл болуы тиіс.Сонда ғана мемлекеттік тіл екендігі ішке де ,
сыртқа да мойындатып,еркін самғайды. Осыны іске асыру бүгінгі қазақша оқып жүрген
біз және намысы бар қазақ ойлауымыз керек және еліміздің басқа ұлт өкілдеріне өмір
сүріп отырған Отан тілін үйретуіміз керек.Қазақ тілінің тамырын қиып алмау үшін
атсалысайық . Қазақстандағы барша ұлттар үшін жалғыз Отан . Қай ұлт болмасын
сол мемлекеттің ,сол ұлттың ортақ қазынасын иемденуші болғандықтан ,сол елдің
тілін қастерлеп,тілін үйрену керек.Біз бірге өсіп, бірге есейіп келеміз. Біз
ешқандай қиыншылық көргеміз жоқ.
Тәуелсіз еліміздің керегесі қаланған күн көз алдымызда ,бізге анық. Сондықтан Егеменді еліміз бізге өте ыстық. Біз болашақтың есігін айқара ашып ,жаңа ғасырға өз тарихымыздың иесі болуымыз керек.
Осы орайда ақын Қадыр Мырза Әлидің :
Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,- деген өлең жолдары әркімге ой салары анық.
Бектау орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Асылбек Қуандық