Текст
Мектебіміздің психолог Мүтән Бұлбұл мұғалім «Баланың өмірлік дағдысы мен әлеуметтік – эмоцияналды дамуын қалыптастыру» жобасы аясында 5 – 11 сынып оқушыларымен 19 кітаптың презентациясын өткізді. Кездесудің басты мақсаты; Оқушылардың өмірге деген қызығушылығымен өзара қарым – қатынастарын нығайту, жасөспірімдер арасында кездесетін қиын жағдайлардың алдын алу. Осы орайда оқушыларды қызықтыра отырып, жеңіл жолмен қиындықтардан шығу тәсілдерін үйрететін 19 түрлі психологиялық кітаптарды оқушыларға таныстырып өтті.