«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта бәләм беретін мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесі
Комунальное государственное учреждение "Обще образовательная школа села Бектау отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психлогиялық жұмыстар

06.11.2017

Қарым-қатынас тренингі

 

 

Мақсаты:

Тренингке қатысушыларға

айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тренинг барысы :

«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы.

Психолог: Қазір мынандай

тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың

« Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын

созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай

тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.

Мінез-құлқы,

көңіл күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әртүрлі адамдарды түсіне білгенде

ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене

алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжрибесінен алынады. Өзгелермен қарым-қатынас

барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасамыз. Өмірде алуан түрлі тағдырлы,

мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес

байлық. Осы байлыққа ие адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады.

Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де басқамен де жарасымды

өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалыптаса алады.  

Олай

болса бүгінгі тренингіміз «Қарым-қатынас тренингі»  деп аталады. Адамдармен қарым-қатынас жасау

шеберлігі адамның ішкі мәдениетіне, біліміне, тәрбиесіне байланысты болады

десек артық емес. Ендеше қарым-қатынасқа түсу үшін шеңбер жасайық. Оқушылар

шеңберге тұрып өздерінің атын сын есіммен байланыстырып айтады.

«Дос іздемін» ойыны

Керекті

құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті карандаш, қалам.

Кез-келген

адам өзінің нағыз досы болғанын қалайды. Мүмкін нағыз дос сендерде бар шығар.

Дәл қазірден бастап, мен жарнаманы ақысыз жариялайтын «Дос іздеймін» газетінің

бас редакторымын. Сіздердің әрқайсыларыңыз біздің газетке іздейтіндеріңіз

жайында жарнама беру мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл жарнамада сөздердің саны немесе

әріптердің көлеміне ешқандай шектеу қойылмайды. Кез келген түрі қабылданады.

Сіз достар кандидатурасына қоятын талаптарыңыздың  бірнеше тізімін, тіпті оның суретін

салуыңызға да болады. Өзіңіз жайында айтуыңызға да болады. Бір сөзбен айтқанда,

жарнаманы қалай жазғыңыз келеді, өз еркіңіз. Тек мына жайтты есте ұстағаныңыз

жөн: дос іздеу жарнамасы өте көп, сондықтан 

сіздің жарнамаңыз дос таңдаушылардың назарына ілігудің қамын

ойластыруыңыз қажет.

Тапсырманы

орындау уақыты – 10 минут.

Барлық

қағаздарды тақтаға ілеміз. Қатысушылар жарнаманы үнсіз оқиды. Әр қатысушы өзіне

ұнаған жарнаманы қызыл түспен дөңгелектеп және оны берушімен байланыс жасауға

дайындалады.  Енді жарнама қағаздарын

түсіруге болады. Қараңыз, сіздің жарнамаңыз басқаларға әсер етіп пе?

Жарнамаңыздағы қызыл түсті дөңгелектің саны қанша?

Талқылау

Ойынның

ос кезеңі ерекше маңызды. Жаттығу адамдардың адамгершілік құндылықтарын,

достыққа лайық сапаларды бағалау немесе өзі нағыз дос болу үшін өзін дамыту

жайында дискуссия.

-        

Көп қызықты

жауаптар алынған жарнама несімен сипатталады?

-        

Ешқандай да

таңдалмай қалған жарнамалар жайында сөз қозғау

Қызыл дөңгелектер санының аз болуы мүмкін болашақтағы

досының талабына байланысты болуы да мүмкін. 

Үлкен сұранысқа сай келу оңай емес. Ешкім де «жан тәнімен берілу»,

«бәрін тастап, көмекке келу» немесе «сырды сақтай алу» және т.б тамаша

қасиеттерге толықтай ие емес қой.

Сіздің қатынас

стиліңіз жүйкенің жұқаруына әкеліп соғады ма?

Тест.

1.    

Сіз біреуден көмек

сұрап, өтінген қиындық тудырады ма?

ия, әрқашан (3 ұпай), өте жиі (4), кейде (0), өте сирек

(0), ешуақытта (0)

2.    

Сізді толғандыратын

көкейтесті мәселеңіз, бос уақытта да ойландыра ма?

Өте жиі (5), жиі (4), кейде (2), өте сирек (0), ешқашан

(0).

3.    

Бір адамның қолынан

келмеген істі, оның орнына істеп тастағыңыз келеді ма?

Ия, әрқашан (5), өте жиі (4), кейде (2), өте сирек (0),

ешқашан (0)

4.    

Келеңсіз жайтқа көп

уақытқа дейін уайымдайсыз ба?

Ия, әрқашан (5), жиі (4), кейде (2), өте сирек (0), ешқашан

(0)

5.    

Өзіңізге кешке

қанша уақытыңызды бөлесіз?

 3 сағаттан көп (0)

2-3 сағат (0), 1-2 сағат (0), 1 сағаттан аз (2), уақыт бөлмеймін (0)

6.    

Сіз туралы: ол

әрқашан асығып жүреді . . .

Ия, ол сондай (4), жиі (3), жағдайға қарай (2), кейде

(1), ешқашан асықпайды (0)

7.    

Сізге дәмді астан

бас тарту қиын ба?

ия, әрқашан (3), жиі (2), кейде (0), сирек (0), ешқашан

(0).

8.    

Сізге бірнеше

жұмысты бірге алып жүруге тура келе ма?

ия, әрқашан (5), жиі (4), кейде (3), сирек (1), ешқашан

(0).

9.    

Әңгіме үстінде

сіздің ойларыңыз тіпті басқа жақта қалықтап жүруі кездеседі ма?

Өте жиі (5), жиі (4), кейде (3), сирек (0), ешуақытта (0)

10.          

Кейде адамдар бос,

жалықтыратын нәрселер туралы сөйлейді деп ойлайсыз ба?

Өте жиі (5), жиі (4), кейде (1), сирек «0), ешқашан (0)

11.          

Кезекте тұрғанда жүйкеңіз

жұқара ма?

Өте жиі (4), жиі (3), кейде (2), сирек (1), ешқашан (0)

12.          

Біреуге кеңес

беруді ұнатасыз ба?

Ия, әрқашан (4), өте жиі (3), кейде (1), өте сирек (0),

ешқашан (0)

13.          

Шешім қабылдар

кезде көп толғанасыз ба?

Әрқашан (3), өте жиі (2), жиі (1), өте сирек (3), ешқашан

(0)

14.          

Сіз қалай

сөйлейсіз?

Асығып тез (3), жылдам (2), бірқалыпты (0), ақырып (0),

маңғазданып (0)

Ал енді ұпайларды есептейік. 

45-63 ұпайға дейін. Жүйкеңізді жұқаруы – сіз үшін қатер. Қан қысымыңыз бен қандағы

халестириніңізді тексертіңіз. Өмір сүруіңізді өзгертесіз.

22-44 ұпайға дейін. Өмірге бір қалыпты қарап, ішкі ширығуды 

азайтып үйреніңіз.

19 ұпайға дейін.

Сіздің бірқалыпты және салмақты күйді сақтау қолыңыздан келеді.

0-ұпай егер сіз шын және ашық

түрде жауап берген болсаңыз, сізге төнген қатар – бұл шектен тыс

салмақтылығыңыз бен іш пыстыру.

Өздік талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»

Психолог: жазбаша үш сөйлемді

жазып, ойларыңды жалғастырыңдар:

Мен ойлаймын, себебі мен ...

Басқалар ойлайды, себебі...

Менің болғым келеді, себебі ...

Ескерту: Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы

сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде берілген  сөздер тізімінен алуға

болады.

Сөздер тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді,

қолапайсыз, әділ, мақтаншақ, еңбексүйгіш, көңілсіз, ақылды, батыл, сараң, күлкілі,

шыдамды, сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы дені сау, ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ,

жалғыздық, әсем, күрт, нәзік, күшті, пәлеқор, өтірікші, ақылды, достықты

сүйетін.

Жаттығу

« Ыстық орындық »

Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің

сыныптастарыңның ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін

тексеруге болады.

Әркім (кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан

орын алады  және сұраққа жауап береді: «Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер

тізімінен бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда көрсетілген). Ортада отырған адам

оның ой-пікірімен сәйкес келген сөздерді (белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын,

себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны саналады.

 

«Рахмет,достым!» Әр қатысушыға қағаз таратылады.

Топқа бөлу. Сол топтағы қатысушылар бір-бірінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін

жазады және тілектерін арнайды.

Қорытынды. Әр тренингті талдау, әр

қатысушының бойындағы мінездеріне тоқталып, бағыт-бағдар беру

 

 

 

                                   

Психолог:     Мүтән Б

                                             

2017 ж

 

 

 

Просмотров: 265

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст